Бетперде киген белгісіз жанның хабарламасы жалған
Әлеуметтік желілерде тараған үрейлі видеолар ата-аналар мен балалардың алаңдаушылығын күшейтті. Бетперде киген белгісіз адамның мектептерде теракт болатынын айтып жариялаған ролигі жалған дейді полицейлер. Облыстық полиция департаменті ресми түсініктеме берді.Бұл видеоролик әлеуметтік желі арқылы Ақтөбеге тез тарады. Бетперде киген белгісіз жан тіпті "бомба қоямыз" деп бірнеше мектептің тізімін де жариялапты. Бұл бейнеролик ата-аналар, оқушылар мен педагогтер арасында үрей тудырғаны анық. Дүрбелең туындап, көптеген білім беру ұйымдарына да қоңыраулар түскен. Балаларының өміріне алаңдаған ата-аналардың арасында мектепті уақытша жауып, оқуды онлайн режимге ауыстыруды да сұрағандар болыпты. Дегенмен, облыстық полиция департаменті бұл ақпараттың жалған екенін ресми түрде растады. Бұл дерек бойынша терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат тарату бабымен сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлайды. Білім беру ұйымдары бүгін қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Оқушылар сабаққа толық құрамда қатысуда. Тәртіп сақшылары білім мекемелерінің қауіпсіздігі күшейтілгенін айтты. Ведомоство тұрғындарды арандатушы жалған ақпаратқа сенбеуге, тек ресми жүгінуге шақырды. Видеоны таратқан тұлғалар анықталып жатыр.
Количество показов: 11
Дата создания: 18.11.2025 07:48:27



















