"Бетбұрыс" жобасының 5-маусымы ашылды
Бүгін "Бетбұрыс" жобасының бесінші маусымы ресми түрде ашылды. Биыл жобаға 50 үміткер ниет білдірген. Десе де, ішінен 25 әйел қатысушы ретінде таңдалған. Олар – өз ісін ашуға ынталы, жаңа білім мен тәжірибеге құштар жандар. Ендігі нәзік жандылар 1 ай бойы әлеуметтік, құқықтық, психологиялық және білім беру бағыттары бойынша кешенді кеңес алады. Сондай-ақ, өз бизнесін жүргізуге қажетті дағдыларды меңгереді. Бесінші маусым – басталды. Алда қатысушыларды білім күтіп тұр. «Бетбұрыс» жобасы – әр әйелдің өз күшіне сенуіне жол ашады, дейді ұйымдастырушылар. Нәзік жандылар жобаға түрлі мақсаттарын жүзеге асыру үшін келеді. Жоба қатысушысы Гүлдана Зинуллина алған білімін іске асырып, өзге әйелдерге де көмегім тисе деген ниетте. Қатысушыларға білім беретін тәлімгер ретінде бизнесте табысқа жеткен кәсіпкерлер шақырылған. Олар тәжірибе алмасып, шеберлік сабақтары мен тренингтер арқылы жас кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді. Айта кеткен жөн, бұл - осал топтағы және көп балалы аналарға, мүгедектігі бар балаларды асырап отырған нәзік жандыларға арналған тегін жоба.Количество показов: 16
Дата создания: 10.07.2025 07:39:45