«Бетбұрыс» жобасына қатысушылары сенбілікке шықты
«Саяжай» тұрғын алабында салынған жаңа мектеп жаңа оқу жылында оқушыларға есігін ашады. Осы оқиғаға байланысты «Бетбұрыс» жобасына қатысушылар жаңа мектептің аумағын абаттандыруға, оқушыларға жайлы жағдай жасауға үлес қосуға шешім қабылдады.Акцияға жақын маңдағы үйлердің тұрғындары қатысты, көптеген ата-аналар сенбілікке балаларымен бірге шығып, туған қалаларында тазалық пен тәртіпті сақтаудың маңыздылығын өз мысалдарымен көрсетті. Акцияға мектеп ұжымы да қатысты. Сенбілік сәтті өтті. Бірнеше сағаттың ішінде бөлінген аумақ таза әрі әдемі болды. Барлығы өздеріне және атқарған жұмыстарына риза болды. Сенбіліктің соңында ересектер тобы таза ауада шай ішті. Бұған «Бетбурыс» жобасына қатысушылар қамқорлық жасады.
Количество показов: 21
Дата создания: 19.08.2025 07:54:07