Бестамақ ауылындағы шошқа фермасының жұмысы тексерілетін болды
Бестамақ ауылындағы шошқа фермасының жұмысы толық тексерілетін болады. Кезектен тыс арнайы тексеру кезінде экологиялық талаптарға көңіл бөлінеді. Ауыл тұрғындарының жазған арыздары бойынша бірқатар заңбұзушылықтардың орын алғаны белгілі болған. Шошқа фермасының қалдықтары жерге көмілген, ал сұйық қалдық өзенге ағып жатыр. Ауыл тұрғындары түсіріп алған бейнероликтер әлеуметтік желілерде тарады. Ферманың жұмысы уақытша тоқтатылып, арнайы құрылған комиссия тексеру шараларын бастап кетті. Комиссия құрамында ауыл тұрғындары арасынан ынталы топ ретінде оншақты адам бар. Шу шыққан ауылға барып, тұрғындармен кездесіп қайтқан облыс әкімдігі өкілдері бүгін осы мәселеге қатысты журналистердің сұрақтарына жауап берді. Количество показов: 757
Дата создания: 19.11.2020 18:57:18



















