Базар сыртындағы сауда маусымдық жидектермен қыза түскен
Қаламыздағы орталық базарда көше саудасы қыза түскен. Мұнда жергілікті шаруалар мен сатушылар маусымдық өнімдерін ұсынуда. Сыртқы саудада құлпынай, таңқурай, шие, қарақат сатылымда. Бағалары да әр түрлі. Қаламыздағы орталық базарда көше саудасы қыза түскен. Мұнда жергілікті шаруалар мен сатушылар маусымдық өнімдерін ұсынуда. Жерге жайылған саудадан құлпынай, таңқурай, шие, қарақат сияқты жидек түрлерін кездестіруге болады. Өнімдердің бағасы әртүрлі. Мәселен, құлпынай мен таңқурайдың бір келісі 2 мың теңгеден саудаланса, шие 1600, ал қарақат 3 мың теңгеден сатылып жатыр. Айта кетейік ұсынылып жатқан өнімдердің барлығы жергілікті өнімдер. Тұрғындардың айтуынша көше саудасы халық үшін тиімді. Тұрғындардың көпшілігі қысқа қамданып жатқандарын жеткізді. Яғни жидектерден тәтті тосап, қияр-қызанақтан күзгі салаттар жасау үшін сатып аламыз,- дейді олар. Ал сатушылар көше саудасындағы баға ішкі базармен салыстырғанда біршама қолжетімді екенін айтады. Сондықтан мұндай сауда түрі әрі сатушыға, әрі тұтынушыға тиімді деп санайды. Маусымдық өнімнің молдығы мен бағасының қолжетімділігі тұрғындарға қысқа дайындықты дәл қазірден бастауға мүмкіндік беріп отыр. Ал жергілікті өнімнің саудаға шығарылуы отандық өндірушілерді қолдаудың бір жолы.Количество показов: 10
Дата создания: 14.08.2026 13:15:03



















