Байғанин ауданы Ноғайты ауылында фельшерлік-акушерлік пункт ашылды
Байғанин ауданындағы Ноғайты ауылында медициналық көмек көрсету мүмкіндігі кеңейді. Елді мекенде жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт жұмысын бастап, бүгінде ауыл тұрғындары қажетті алғашқы медициналық көмекті өз ауылынан алуға мүмкіндік алды.Байғанин ауданына қарасты Ноғайты ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт халық игілігіне берілді. Бүгінде медициналық нысан 1167 тұрғынға қызмет көрсетеді. Пункт мейірбикесі мұнда тұрғындарды қабылдауға, тексеруге, аурулардың алдын алуға және алғашқы медициналық көмек көрсетуге барлық жағдай жасалғанын айтты. Нысан ашылғалы бері медицина мамандары 5 мың медициналық қабылдау өткізген. Бұл ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, уақытылы тексеріліп, қажетті ем-дом алуға мүмкіндік береді. Ауылдағы медициналық инфрақұрылымды жаңарту - Мемлекет басшысының тарпсырмасына сәйкес шалғай елді мекендердегі халыққа сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі.
Количество показов: 8
Дата создания: 22.08.2026 09:17:58



















