Байғанин ауданы, Қарауылкелдіде мұнара құлап, адамдарды басып қалды
Байғанин ауданында алапат дауылдың салдары төтенше жағдайға ұласты. Кеше кешкісін Қарауылкелді ауылында екпіні секундына 20 метрден асқан жел темір байланыс мұнарасын құлатып, ол жеке орналасқан дүкеннің үстіне құлаған. 1975 жылы тұрғызылған нысанның биіктігі 47 метр. Оқиға орнына құтқарушылар, кинологиялық топ пен арнайы техника шұғыл жетіп, үйінді астынан алты адамды, оның ішінде үш баланы аман алып шықты.Мамандардың айтуынша, хабар түнгі 23:00 шамасында түскен. Жедел жеткен құтқарушылар авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп, ал зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды облыстық ТЖД төтенше жағдайды жою басқармасы.
Оқиға салдарынан үш адам медициналық көмекке жүгінді. Олардың бірі-жүкті әйел. Ол санитариялық авиация арқылы Ақтөбеге жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынды. Қалған екі тұрғын аудандық ауруханада ем қабылдап жатыр. Ақ халаттылардың айтуынша, олардың өміріне қауіп жоқ, жағдайлары тұрақты.Дауылдың екпіні байланыс мұнарасымен шектелген жоқ. Бірнеше әлеуметтік және коммерциялық нысан зақымданып, электр желілері мен байланыс жүйесінде ақаулар тіркелді. Қазір арнайы комиссия келтірілген шығын көлемін анықтап жатыр. Аудан орталығында электр энергиясы мен ұялы байланысты қалпына келтіруге авариялық бригадалар тәулік бойы жұмыс істеуде. Ал 1975 жылы салынған байланыс мұнарасының не себепті құлағаны арнайы сараптамадан кейін белгілі болады. Жағдай облыс әкімдігінің және төтенше жағдайлар қызметінің ерекше бақылауында.
Количество показов: 11
Дата создания: 11.07.2026 08:17:00



















