Батыс-2 ауданында көп қатарлы тұрғын үйлердің жертөлелерін су басты
Батыс-2 ауданындағы Халел Досмұхамедұлы атындағы көшеде көп қатарлы тұрғын үйлер суға кетіп жатыр. Толассыз жауған жаңбыр суы бұл аудандағы ондаған үйдің жертөлесін толтырған. Екі күннен бері тұрғындар жарықсыз отыр.Халел Досмұхамедұлы көшесіндегі "Сәулет құрылыс" құрылыс компаниясы салып берген №18-ші үйдің тұрғындары тағы да суға кеттік деп шағымдануда. Көктемде жертөлелерін қар суынан өз күштерімен құрғатқан еді. Жертөлелері әлі толық кеуіп үлгермей тағы су астында қалды. Жертөледен балалалрға арнап спорт клубын ашқан кәсіпкер де шығынға батты.Екі күннен бері көп қатарлы тұрғын үйде жарық жоқ. Жарық беруші мекеме қызметкерлері электр желілерінің істен шыққанын айтып, жарықты сөндіріп тастапты.
Үйді тұрғызған құрылыс компаниясы жертөледегі суды сорғылайтын арнайы техникалар жіберген. Онымен жерасты суы толассыз көтеріліп жатыр. Батыс-2 ауданы тұрғындары жаңбыр жауса, ақша жинап әлекке түсеміз деп налиды. Осы уақытқа дейін олар жертөлені судан тазалауға үнемі қаражат жинап келген екен. Енді жаңа ауданның тұрғындары бірігіп, әкімдікке шағым түсіреміз деп отыр. Өйткені Батыс-2 ауданындағы ылдида орналасқан үйлердің ауласына қар суы мен жаңбыр суы жиналып қала береді. Ауданда суағар жүйесі қарастырылмаған.
Количество показов: 1032
Дата создания: 17.05.2022 20:07:09
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>