"Батырлар аллеясына" көшеттер отырғызылды
Қалада Жеңіс күні қарсаңында кезекті шаралар басталды. Бүгін Әлия Молдағұлова даңғылының бойындағы "Батырлар аллеясында" ағаштар отырғызылды. Экоакция барысында 50 түп шыбық егілді. Ал қала бойынша бүгіннің өзінде 800-ге жуық ағаш отырғызу жоспарланған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама тек қаланы көгалдандыру емес, ел қорғаған батырлардың рухына құрмет көрсету мақсатында жасалып отыр. Шараға қатысқан шаруа қожалығының өкілдері бұл жолы Виргиндік "Шуберт" мойылының көшеттерін әкелген. Айтуларынша, бұл ағаш түрі қалалық ортаға бейім, күтімді көп қажет етпейді және экологиялық жағдайға төзімді. Уақыт өте келе жапырақтары қою қоңыр түске айналып, қала көркін аша түседі. Айта кетейік, "Таза Қазақстан" акциясы аясында 28 наурзыдан бері өткен 5 сенбілікке 14 мыңнан астам адам қатысып, 15 мың тоннадан астам қоқыс шығарылған. Сенбіліктер барысында 4 мыңнан астам көшет отырғызылды. Ал бүгін "Казхром" кәсіпорнымен бірге тағы қосымша 2 мың түп тал егу жоспарланған болатын.Количество показов: 8
Дата создания: 09.05.2026 07:43:21



















