«Басты жолға шығатын аумақ жабылмасын!»
Қала маңындағы “Рассвет-Дидар” бау-бақша ұжымының тұрғындары басты жолға шығатын көлік жолының жабылмауын талап етіп отыр. Айтуларынша, жеке кәсіпкер негізгі жолға шығатын кеңістікті жауып тастаған. Бизнес иесінің бұл әрекеті заңды ма, жоқ па белгісіз,- деп шырылдайды. Бау-бақша ұжымында тұрғындар саны көп. Мектеп, балабақшаға баратын балалар да бар. Одан бөлек, бизнес нысанының жанына әлдебіреу қазық қағып қойыпты. Егер бұл жер жабылса, қара халық ауылдағы бүкіл үйді айналып өтуге мәжбүр боламыз дейді. Бау-бақша ұжымы жеке тұрғын үй құрылысына өткен. Барлық құжаттары дұрыс. Үйлері де заң талаптарына сай салған. Дегенмен, тұрғындар бүгінгі шағыммен бұған дейін еш жерге бармаған. Жолға бойынша да шағымданбапты. Бүгін бас көтерген қара халық "көлік жолына үй немесе қандай да бір нысан салынатын болса, жолсыз қаламыз. Қыстағы боран, көктемгі балшық пен жолсыздықтан қажыған тұрғындар басты жолға шығатын жолымызды ешкім жаппасын",- дейді. Тұрғындарды толғандырған тағы бір мәселе - электр жарығы. "Энергосистема" серіктестігіне өтпеген. Қазір жарықтың төлемін жеке кәсіпкерге беріп отыр. Қуаттылығы нашар, жиі сөнетін электр жарықтың 1 кВаттына 29 теңгеден төлейді. Бау-бақша ұжымы тұрғындарының шағымын қалалық әкімдікке жеткіздік. Дегенмен, нақты жауап дәл бүгін берілмеді. Себебі, жергілікті билік өкілдері шағым бойынша аталған мекенжайға барып, жағдаймен танысып, ресми түрде бағалау қажеттігін айтты.Количество показов: 13
Дата создания: 23.05.2026 06:12:48



















