Баспанасы өртенген отбасы көмекке мұқтаж
Басында Марат пен Эльмира 17 және 13 жастағы 2 ұлымен шатыр ішінде түнеп жүрген. Әупірімдеп жамап-жасқап мына бір бөлмені салып алды. Қазір осында тұрып жатыр. Өртенген үйдің орнын ағайын-туыс жиналып 3-4 күнде күреген. Орнына жаңадан үй көтере бастаған. Қабырғалары тұрғызылып, бөлмелері бөлінген. Жұрттан жиналған қаржы да, құрылыс материалы да осымен бітті. Қазір құрылыс тоқтап тұр.
"Қолғанат Ақтөбе" қорынан отбасына қаржы бөлінетін болды. Аяқасты бастарына қайғы түскен Жәметовтер отбасы үшін көршілері әлеуметтік желі арқылы да көмек сұраған. Есепшоттарына халықтан 120 мың теңге көлемінде қаржы түскен. Қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 100 мың теңге берген. Эльмира Дүйсеғали тәрбиеші болып жұмыс істейтін "Назерке" бақшасының ұжымы да қолдарынан келген көмегін көрсеткен. Отағасы Марат Жәметов жұмыс жасайтын "Батыс Мұнай" ЖШС-і 150 мың теңге аударған. Ал жұмыстастары бөлек 100 мың теңге жинап берген. Көмек қолын созамын дегендер үшін отбасы "Геофизик-2" бау-бақша ұжымындағы 126-шы учаскеде тұрады.
Количество показов: 1311
Дата создания: 01.08.2018 19:17:00



















