«Baqytty Bala - 2025» халықаралық өнер додасы басталды
Шаһарда «Baqytty Bala - 2025» халықаралық өнер додасы басталды. Өңірдің брендіне айналған «Baqytty Bala» халықаралық балалар вокалдық фестиваль-байқауы биыл 6-рет ұйымдастырылды. Биылғы байқауға Чехия, Франция, Ұлыбритания, Колумбия, Литва, Беларусь, Молдова, Татарстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Қазақстанның барлық өңірінен 220 өтінім түскен. Шет мемлекеттер мен еліміздің әр өңірінен 20-ға жуық жас талант қашықтан іріктеу нәтижесінде таңдалған. Қазақстан намысын 8 өңірдің өнерпаздары қорғайды. Жерлестеріміз де бар. Фестивальдің бірінші кезеңі онлайн форматта өтті. Екінші кезеңі Ақтөбедегі «Өнер орталығы» концерт залында офлайн өтеді. Финалистер өз ана тілінде және әлемдік немесе авторлық туындыларды орындайды. Жеңімпаздар 23 тамызда өтетін гала-концертте анықталады. Қазылар алқасының құрамында Ресей, Алматы, Астанадан келген және ақтөбелік өнер қайраткерлері бар.«Baqytty Bala» жобасы 2018 жылдан бастап дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Әр жылы байқауға шетелден және еліміздің түкпір-түкпірінен жас таланттар қатысады. Бұған дейін байқаудың бас жүлдесін Нарғыз Жанұзакова, Ержан Максим, Айкерім Тілеубек, Айлун Заушева, Жанерке Әбдірахманова және Бекмұрат Айым иеленген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль әрбір жас дарынға кәсіби шыңдалып, жаңа тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
Количество показов: 26
Дата создания: 22.08.2025 08:17:11