Банк қызметкерлері ағаш отырғызды
Соңғы уақытта шаһарды көгалдандыру ісіне немқұрайлы қарамайтын тұрғындар мен бизнес өкілдерінің саны артып келеді. Олар сенбіліктер мен экологиялық акцияларға белсене атсалысып жүр. Өткен демалыс күндері де «Астана» ауданы әкімдігінің қызметкерлері мен «Халық» және «Еуразиялық» банктерінің қызметкерлері экоакцияға қатысы. Бөгенбай батыр көшесінде қолдарына күрек алып, жаяулар жолының бойына 65 қарағай көшетін отырғызды. Сол күні билік пен бизнес өкілдері қаланы жасыл әрі жайлы ету мақсатында бірікті. Банк қызметкерлері мен әкімдік өкілдері ағаш отырғызумен қатар, өтіп бара жатқан тұрғындарға жасыл аймақтарды сақтаудың маңыздылығын түсіндірді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар халықты ізгі істерге жұмылдырып, экологиялық мәдениетті арттырады. Барлық көшеттер банк қызметкерлерінің демеушілігімен сатып алынған. Бар-жоғы бірнеше сағат ішінде Бөгенбай батыр көшесі айтарлықтай жасыл кейіпке енді. Жаңа отырғызылған қарағайлар ауданның сәнін келтіріп, табиғатты сақтау — барлығымыздың ортақ ісіміз екенін еске салады.Количество показов: 18
Дата создания: 29.10.2025 07:16:15



















