Баланы бақылаусыз қалдырмаңыз!
Өңірде балалардың терезеден құлауы азаймай тұр. Тек соңғы 4 айда Ақтөбеде 3 бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен. Полицейлер бұған ата-аналардың салғырттығы себеп,-дейді. Мәселен, 18-сәуірде Абай даңғылындағы көпқабатты үйдің бірінші этажынан 2 жастағы сәби құлаған. Жұмысқа кеткен ата-анасы 2 жасар сәбиді 5 жастағы бүлдіршінмен қалдырыпты.Бала түрлі дене жарақатымен ауруханада жатыр. Терезеден құлау фактісінің тіркелуіне бірден бір себеп – балалардың қараусыз қалып қою,- дейді мамандар. Терезенің жанында жиһаздардың тұруы - балаға оны оңай ашып алуына мүмкіндік береді. Москит торына сәби сеніп, мерт болған жағдайлар көп. Осы орайда мамандар терезелерді бірнеше сантиметрге ашуға мүмкіндік беретін арнайы құлыптармен жабдықтаған жөн дейді. Темір торларды қойғанда өрт кезінде оңай ашылатындай арнайы механизммен жабдықталуы керек.Количество показов: 367
Дата создания: 26.04.2024 02:50:36