Биыл мектеп оқушыларының 93 пайызы жазғы демалыспен қамтылады. Бұған бюджеттен 282 миллион теңге бөлініп отыр. Былтырғыдан екі есе көп ақша. Бүгін облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысында облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева балалардың жазғы каникулы қалай ұйымдастырылатынын айтып берді. "Әсем", "Восток", "Достық", "Нефтяник" сияқты қала сыртындағы 11 лагерьде биыл 11 мың бала тынығады. 56 мың оқушы мектеп жанындағы лагерьге баратын болса, 17 мың жасөспірім шатырлы лагерьде демалады. 33 мың бала жазғы демалысын ата-анасының есебінен өткізеді. Лагерьге ақылы жолдаманың құны биыл - 45-54 мың теңге. Ал, облыстық бюджеттен әр баланың он күндік демалысы үшін 35 мың теңге бөлінген. Бұл ақшаны "Энергетик" лагерінің басшылығы азсынып, балаларды қабылдаудан бас тартып отыр. Есесіне, маусымның бірінде облыста "Күншуақ" лагері ашылады.
5 мыңнан астам оқушы "Қазақстанның киелі жерлері" жобасы аясында ел бойынша саяхаттайды. Балалардың "Ырғыз-Торғай" резерватындағы төрт күндік демалысы үшін бюджеттен 6 миллион теңге бөлініп отыр. Сабағы үздік бес бала Татарстандағы "Байтик" лагеріне, 120 оқушы Орынбордағы "Солнечная страна" лагеріне жолдама алады. 5 оқушы шілдеде Қытайға сапарлайды. Шығыс Қазақстан облысындағы "Дарын" лагерінде 100 бала тегін, 300 оқушы ақылы демалады. Бұған бюджеттен 35 миллион теңге берілді.
Количество показов: 1660
Дата создания: 22.05.2018 10:38:23
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>