Балалар ауруханасы жарақат алған балаларға толы
Жыл басынан бері облыстық балалар аурханасына 6436 бала түскен. 132 бүлдіршін жол-көлік апатынан зардап шеккен. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 3,1 пайызға көп. Ақ халаттылар көбіне баласын қадағалаусыз қалдырған ата-аналарды кінәлайды. Облыстық балалар аураханасынының травматология бөліміне күн сайын 10-15 бала түседі. Олардың жасы 1 мен 15 аралығында. Палаталар әткеншек, сырғанақтан құлап жарақат алған балғындарға толы. Бүгін жол-көлік апатына ұшырап, бел, мойын омыртқасы сынған 3 бүлдіршінге ота жасалған. Қолы жететін жерде тұрған марганец, химиялық жуғыш заттарды су деп ішіп уланып қалған ойын балалары да бар. Оларды емдеп жазу да оңай емес. Сондықтан да, бақытсыз оқиғаның бетін аулақ қылсын десеңіз, бауыр еті-балаңызға көзіңіздің қарашығындай қараңыз деп ескертеді.
Количество показов: 1615
Дата создания: 09.08.2017 19:04:15