Балабақша балаларына ұлттық тәрбие, цифрлық технологиялар мәселелері түсіндірілді
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері бас қосты. Қаладағы №33 "Нұрсәт" балабақшасында өткен секция отырысында Конституциялық құндылықтарды бала тәрбиесіне енгізу, ұлттық тәрбие, экологиялық жауапкершілік және цифрлық технологияларды тиімді қолдану мәселелері талқыланды.Мектепке дейінгі білім беру саласының мамандары жаңа оқу жылындағы негізгі бағыттарды талқылап, тәжірибелерімен бөлісті. Басты назар баланың бойына ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды ерте жастан қалыптастыруға аударылды. №33 "Нұрсәт" балабақшачында өткен секция барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа даму бағдарлары, 2026–2027 оқу жылына арналған әдістемелік бағыттар және балалардың даму мониторингі қаралды. Сонымен қатар жасанды интеллект, STEM, робототехника және бағдарламалау элементтерін балабақшадағы оқу-тәрбие үдерісіне енгізу жолдары көрсетілді. Практикалық бөлімде еңбекке және кәсіпке ерте жастан баулу, экологиялық тәрбие, ұлттық құндылықтарды заманауи технологиялармен ұштастыру бағытындағы озық тәжірибелер таныстырылды. Педагогтер нақты әдіс-тәсілдерін көрсетіп, әріптестеріне тиімді тәжірибелерімен бөлісті. Секция соңында мамандар пікір алмасып, мектепке дейінгі ұйымдарда адалдықты, отансүйгіштікті және зияткерлік қабілеттерді ерте жастан қалыптастыруға бағытталған ұсыныстарын білдірді. Облыстың үздік педагогтері Білім басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Количество показов: 7
Дата создания: 22.08.2026 09:20:03



















