Балабақшаға жолдама беру басталды
Ал, 7-8 маусым аралығында 3 жасқа толған сәбилер кезек бойынша жолдамаға ие болады. 2013 жылы туып, кезекке кеш тұрғандар мектепке дейінгі ұйымдардағы бос орындарға орналастырылады. Қалалық білім бөлімінің мамандары таңғы сағат 9-дан кешкі алтыға дейін құжаттарды қабылдайды. Қазір жолдама кезегіне тұрғандарды тәртіп сақшылары бақылап жүр. Жолдама кезегіне таңмен тұрған ата-аналар бар. Дегенмен, жылдағыдай шексіз кезек жоқ. Жиналғандардың барлығы сәбилерін мемлекеттік бақшаға орналастырудан үмітті. Ақтөбеде 140-қа жуық мектепке дейінгі ұйым бар. Оның 52-сі ғана мемлекеттік. 66 жеке балабақша, 3 бөбекжай мен 21 шағын орталық жұмыс жасайды. Мемлекеттік балабақшада бір бала үшін ата-анасы 500 теңге төлейді. Балабақшаларға жолдама 27 маусымға дейін беріледі.
Количество показов: 1847
Дата создания: 02.06.2017 18:17:07