Бұрын алаяқтық бабымен сотталған келіншек тағы 19 адамды сан соқтырды
Назгүл Сапарова - 3 жыл бұрын алаяқтың құрығына түскен. Мемлекет тарапынан 5 000 000 теңгеге дейін қайтарымсыз грантты алып беремін деген уәдесіне сеніп, "Kaspi Gold" шотына 1 000 000 теңге ақшасын аударған. Ал, алдаған Рысгүл есімді келіншек отбасымен бірге жәбірленушінің үйінде пәтер жалдап тұрыпты. Көп балалы ана, өзі мектепте мұғалім болған. Пәтер иесінің сеніміне кіріп, сан соқтырған. Назгүл Сапаровамен бірге тағы 18 адамды алдап, ақша жымқырған. 2023 жылы 19 жәбірленушінің барлығы сотқа жүгінеді. Бірнеше сот отырысы болып, судья Рысгүлге жәбірленушілердің ақшасын қайтару туралы шешім шығарған. Сондай-ақ, сот барысында сотталушының бұрын да алаяқтық жасап сотты болғаны анықталыпты. Сотталушы Рысгүлдің нәрестесі барын ескеріп, үкім жариялауды кейінге қалдырған. Назгүл алаяқтың жазасын алып, оған және басқа жәбірленушілерге ақшаны қайтарғанын қалайды. Алайда, сот үкімі шыққанша біраз уақыт бар. Жәбірленуші алаяқ қарызымды "ертең қайтарамын", деп құр уәдемен тойдырып жүр дейді. Кімнен көмек сұрарын білмей дал. Қалалық №2 соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық Кодекстің бірнеше рет жасалған алаяқтық бабы бойынша айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралған. Ол жәбірленушіге жалпы сомасы 1 000 000 теңгеге шығын келтірген. Одан басқа 18 эпизод бойынша 2022-2023 жылдар аралығында түрлі алаяқтық жасаған. Сотталушы тағылған айыпты толық мойындады. 2023 жылғы сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған түркілікті 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қылмыстық кодекске сәйкес бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындауы 3 жыл мерзімге кейінге қалдырылған. Сот үкімі заңды күшіне енді.Количество показов: 20
Дата создания: 12.06.2025 10:20:32