Бұрымды ару-2024
Ақтөбеде «Бұрымды ару-2024» атты ұлттық құндылықты дәріптейтін, патриоттық, рухани-этнографиялық сайыс өтті. Аталған сайыста бұрымдары белдерінен түскен 10 ару бақ сынасты. Қатысушылардың барлығының да шашы беліне төгілген.Тартысты сайыста ақтөбелік қыздар халық билерін, вокалдық нөмірлер мен өзге де қойылымдарды көрсетіп, көпшілікке өз өнерлерін паш етті. Бұл дәстүрлі шара. Шаһарымыздың 155 жылдығына орайластырылып отыр. Шараның өтуіне "Геолог" мәдениет үйінің жанынан құрылған "Шолпы" клубы мұрындық болған.
Количество показов: 446
Дата создания: 30.04.2024 04:29:16