Бірлігіміз жарасқан
Ақтөбеліктер Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті. Биылғы жылы мереке Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Өнер орталығы ғимаратының алдында қонақтар елдің этникалық және мәдени алуан түрлілігін көрсететін қазақстандық әртістер мен шығармашылық ұжымдардың өнерін тамашалады.Сонымен қатар, қолөнер жәрмеңкелері ұйымдастырылды."Қазақстан халқына мың алғыс" стеласының алдына жиналған халықтың қарасы көп болды. Сахнада "Сұңқар", "Ладушки", "Язғы моңнар", "Борвинок", "Оксана", "Дэш", "Русская песня" және басқа да ансамбльдер өнер көрсетті. Олар қазақ, орыс, татар, украин, сыған тілдерінде ән шырқады. Ақтөбеде 17 этномәдени бірлестік бар. Олар Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында отырады. Жексенбілік мектептер жұмыс істейді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында ақсақалдар мен аналар кеңесі, "Жомарт жан" орталығы, журналистер клубы бар. арлығының мақсаты бір-татулықты ту етіп, бірлік пен тұрақтылықтың мызғымас негізі - ұлтаралық келісімді нығайту. Айта кетейік, мерекеге орай шаһарымызда дәстүрлі жүгіру марафоны өтті. Оған 350 адам қатысып, 5 шақырым қашықтықты бағындырды. Желақтардың арасында зейнеткерлер де бар.
Количество показов: 19
Дата создания: 03.05.2025 12:25:17