Бір қоңыру адамның ақшасынан айырылуына себеп болуы мүмкін
Ғаламтор арқылы жасалатын алаяқтықтың түрі көп. Бірі өзін банк қызметкері ретінде таныстырса, енді бірі жалған сілтеме жіберіп, азаматтардың жеке деректеріне қол жеткізуге тырысады. Облыста биыл интернет алаяқтық фактілерінің тіркелу көрсеткіші азайған. Жалпы саны - 774. Дегенмен бұл өршіп тұрған мәселе тоқтады деген сөз емес. Сондықтан мамандар күмәнді қоңырауларға сенбеуге, белгісіз сілтемелерге өтпеуге және SMS арқылы келген кодтарды ешкімге бермеуге кеңес береді. Алаяқтар тұлғалардың хабарлама жіберетін уатсап желісін бұғаттап, тума-туысына жалған ақпарат таратып, қарызға ақша сұрау әдісін де қолданған. Ақтөбеліктер арасында мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Бірақ бұл теріс әрекеттің алдын алу мүмкін болмай отыр. Құқық қорғау органдары қазір банктермен және байланыс операторларымен бірлесіп, күмәнді операцияларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік беретін антифрод жүйесі енгізілген. Интернет-алаяқтықтан қорғанудың ең тиімді жолы - сақтық. Банк қызметкері болып хабарласқан адамға жеке деректер мен құпия кодтарды беруге болмайды. Себебі банк, басқа да мекемелер тұлғаның жеке дерегін кез-келген уақытта сұрай алмайды. Тұрғындар хабарласқан телефон номерінің ресмилігіне назар аударуы тиіс.Количество показов: 13
Дата создания: 15.10.2026 10:22:05



















