Бір ауыл-бір өнім жобасы биыл кәсіпкерлер арасында жоғары сұранысқа ие болып отыр
Алтынорда ауданында өткен ауылшаруашылығы жәрмеңкесіне тұрғындар көптеп жиналды. Облыс кәсіпкерлері ұсынған өнімдермен халық жіті танысты. Тағамдардан дәм татып, қолөнер бұйымдарын ұстап көрді. Жергілікті шеберлер тіккен етік пен шапандар көпшіліктің көңілінен шыққан секілді. Шалқар ауданынан келген шебер өнімдерін енді облысқа жеткізуге мүдделі. Тіпті сұраныс болса Алматы қаласына жеткізуге құлықты болып отыр. Тапсырыс көбейген жағдайда базар бағасына жеткізіп, етіктердің пұлын сәл төмендетсем дейді. Баға бір межеде тұрмау себебі, шикізаттың қымбаттауымен түсіндіреді. Көрмеге қатысқан келесі кейіпкер Мұғалжар ауданынан келген Гүлсім Кенжебаева. Аудандық кәсіпкер көп жылдан бері сабын шығарумен айналысады. Малдың майын, қарабұта шөбін теріп үш түрлі емдік сабын қайнатады. Өнімдері денедегі жара, сүйелге таптырмайтын ем екен. Бір ауыл бір өнім жобасына 53 кәсіпкер қатысып жатыр. Іріктеу кезеңіне 10 ғана өнім өндіруші өтеді. Өндірісі ауқымды кәсіпкер жан-жақты оқытылып, барынша қолдау алады. Бес жылға жуық кәсіпкерлер арасында өткізіліп келе жатқан жобадан 100 ден аса кәсіпкер қолдау тапты. Қаржылай көмек құны жыл сайын артып келеді. Биыл мемлекеттік қолдау 5 млн теңгеден асады. Қаражат үш жеңімпазға теңдей беріледі.Количество показов: 13
Дата создания: 05.09.2026 10:25:49



















