Бір аптада 40-тан астам адам мұзға құлап, жарақат алған
Өңірде соңғы уақытта көк мұздан жарақат алу жағдайлары азайған. Дәрігерлердің сөзінше, осы аптада жарақат бөліміне әр түрлі жарақатпен 308 адам жүгінген. Олардың ішінде спорттық, тұрмыстық, құрылыс салдарынан туындаған жарақаттар бар. Ал 44-і көктайғақ салдарынан зардап шеккен. Қыс мезгілінде мұзға құлап, қол-аяғын сындырып жатқандар да аз болмады. Алайда қазір күн жылып, орталық көшелердегі мұздықтар еріп жатыр. Тұрғындар шаһардағы кей жолдар әлі де сол қалпында дей келе, 1-2 күндікте құлағандарын да жеткізді. Дәрігер травматологтың айтуынша, негізгі тіркелген жарақаттар - соғылу, тізе буынының артрозы секілді жеңіл және орташа ауырлықтағы жағдайлар. Ал төменгі аяқ-қол сүйектерінің, иық сүйегінің сынуы сияқты ауыр жарақаттар міндетті түрде ауруханаға жатқызылып, ота жасауды қажет етеді. Бағлан Рахметов қазіргі уақытта жағдай біршама тұрақталды дейді. Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда жарақат алу деректері азайған.Количество показов: 9
Дата создания: 03.03.2026 06:21:26



















