Бүлдіршіндер қарияларға мерекелік көңіл-күй сыйлады
Шара «Жүректен жүрекке» еріктілер тобының «Ерекше күн» жобасы аясында өткізілді. Жоба қатысушылары бірнеше жылдан бері ардагерлерге қуаныш сыйлап келеді. Оларда Қарттар үйіндегі қариялардың туған күндерін ай сайын тойлау дәстүрі бар. Мерекелік жиынға қалалық жастар ресурстық орталығының өкілдері де қатысты. Мұндай шаралар қарттарды қуантуға ғана емес, жастар үшін де үлкен тәрбие дейді олар. Өйткені үлкенге құрмет көрсету - қоғамдағы ізгі дәстүрді жалғастырудың көрінісі. Шараға тіпті балабақша тәрбиеленушілері де келіп, өз өнерлерін көрсетті. Концерт соңында қазан айында дүниеге келген ата-әжелерді арнайы құттықтау рәсімі де өтті. Жастар жылы тілектерін айтып, ұзақ ғұмыр тіледі. Қарттар да өз кезегінде ризашылықтарын білдіріп, ақ батасын берді. Қарттарға құрмет көрсету — қоғамның ізгілігін айқындайтын игі дәстүр. «Жүректен жүрекке» еріктілер тобы ұйымдастырған бұл шара сол дәстүрдің жалғасы. Қарттарға сыйланған қуаныш пен жастардың ықыласы – ұрпақтар арасындағы сабақтастықты нығайтып, қоғамға ізгілік дәнін себеді.Количество показов: 15
Дата создания: 01.10.2025 07:52:18