Білім мекемелеріндегі қауіпсіздік қоғамдық кеңесте талқыланды
Қоғамдық кеңесте қаралған мәселелердің бірі - жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары. Атап айтқанда, білім беру ұйымдарының қауіпсіздігі, материалдық-техникалық базасы, кадрлық қамтылуы және оқу процесінің ұйымдастырылуы. Жаңа оқу жылында облыста 442 орта білім беру ұйымы жұмыс жасап, 189 703 оқушы білім алып жатыр. 2025-2026 оқу жылы 244 педагог маманға қажеттілік болған, бүгінде бұл қажеттілік 86-ға азайып отыр. Білім басқармасы басшысының айтуынша, ағымдағы жылға «Amanat» партиясының Жол картасына сәйкес 55 мектепке 505 млн. теңге қаражат бөлінген. 56 мектептің материалдық-техникалық жағдайын жақсарту мақсатында 81 жаңа модификациялық пәндік кабинеттерді сатып алу үшін 882 млн.тг бөлінді. Жаңа мектептер де оқу жылы басталғанша бой көтеріп үлгерді. 2024-2025 жылдар аралығында өңірде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 11 400 орынға арналған 14 мектептің құрылысы жоспарланып, бүгінгі күні 7 мектеп пайдалануға берілді. Қалған 5 600 орынға арналған 7 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде,- деді басқарма басшысы.Количество показов: 37
Дата создания: 24.09.2025 07:16:25