Білім мекемелері көгалдандырылып жатыр
Бүгін егілген бір көшет – ертеңгі үлкен орман. Сондықтан бұл үрдіс тек экология үшін емес, ұрпақ болашағы үшін де аса маңызды. Бүгін Бірлік тұрғын алабындағы №69 орта мектептің ауласына көшеттер отырғызылды. Игі іске оқушылармен қатар ата-аналар да, ұстаздар да атсалысты. Шыбық егу – табиғатты қорғау мен болашақты сақтаудың ең маңызды қадамдарының бірі. Себебі талдар - қоршаған ортаны жақсартады. Жас ағаштар көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөледі. Ауа сапасын жақсартып, экологиялық тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Әсіресе, жаңа аудандарға тал көбірек егілуі керек. Бүгін Астана ауданының мектептеріне 500 дана жас көшет таратылды. Оның ішінде терек, қарағай, шырша ағаштары бар. Бұл талдардың алғашқы егілуі емес және мұндай шаралар әлі де жалғасын таппақ,- дейді ұйымдастырушылар. Көшеттерді тек мектептерде ғана емес, аудандар бойынша отырғызу жұмыстары жалғасын таба бермек. Жаңа салынған ықшамаудандарда жасыл желек жеткіліксіз. Ағаш отырғызу – жай ғана әсемдік емес, бұл тұрғындардың өмір сапасына тікелей әсер етеді. Шаһарымызда бой көтеріп жатқан жаңа аудандар жетерлік. Сондықтан әлі де жас көшеттер отырғызу, оны суару, баптау жұмыстары жалғасады.Количество показов: 19
Дата создания: 09.04.2026 06:03:12



















