"Білім. Дағды. Болашақ"
Бүгін шаһарымызда осындай атаумен халықаралық форумы өтті.Іс-шара жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылып отыр. Форумға мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық сарапшылар, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, сондай-ақ жұмыс берушілермен қосқанда 1000-ға жуық адам қатысады. Шараға Франция, Германия, Қытай және Жапония елдерінен делегациялар келді.
Қандай жұмыс түрі болсын- ол құнды. Соның ішінде қарапайым жұмысшылардың еіңбегінің еленгені қуантады. Биыл өздеріңізге белгілі- жұмысшы мамандығы жылы. Бүгінгі іс шараға мұрындық болған тақырып та - "БІЛІМ.ДАҒДЫ.БОЛАШАҚ". Халықаралық форум аясында облыста 1,1 млрд теңгеге жаңартылған 9 кәсіптік, техникалық білім беру ұйымдары өз жабықтарын таныстырып, көрсетті. Өнер орталығы дәлізінде кәсіптік оқу орындары студенттерінің ойлап тапқан, жасаған туындылары турасында көрме ұйымдастырылды. Форум барысында академиялық алмасу, бірлескен білім беру бағдарламалары, оқытушылардың біліктілігін арттыру және халықаралық стандарттарды енгізу бағытындағы серіктестікті нығайтуға мақсатында облыстық білім басқармасы және шетелдік білім департаменттері, Ақтөбе облысының 10 колледжі мен шетелдік колледждер арасында өзара ынтымақтастықты дамытуға бағытталған меморандумдарға қол қойды. Сонымен қатар шетелдік жетекші спикерлер кәсіби-техникалық білім беруге жасанды интеллект пен инновациялық технологияларды енгізу, халықаралық аккредитация және сапаны қамтамасыз ету жүйелері, кәсіби білімнің экономиканы дамытудағы стратегиялық рөлі, сондай-ақ жастарды еңбек нарығына тиімді интеграциялау мәселелері туралы айтты. Қытай, Франция, Германия және Жапония елдерінің тәжірибелері негізінде кәсіби білім беруді дамытудың өзекті бағыттары ұсынылады.
Количество показов: 11
Дата создания: 24.12.2025 11:35:05



















