Әбілқайыр хан, Ә. Молдағұлова даңғылдары уақытша жабылады
Ертең таңғы тоғыз жарымнан түскі бірге дейін Әлия Молдағұлова даңғылы Сәңкібай батыр даңғылымен қиылысатын тұсынан Әбілқайыр хан даңғылымен қиылысатын тұсына дейін жабық болады. Сондай-ақ Әбілқайыр хан даңғылының Әлия Молдағұлова даңғылынан М. Мәметова көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Т. Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері әскери институтын бітіріп жатқан түлектердің салтанатты шеруі оған себеп. Ал осы шараға әзірлік өтуіне байланысты бүгін түскі екі жарымнан кешкі бес жарымға дейін қаланың негізгі екі даңғылында көлік қозғалысы шектелді. Биыл әскери жоғарғы оқу орнын 60-тан астам курсант бітіргелі жатыр. Количество показов: 998
Дата создания: 01.10.2021 18:23:45



















