Әбілқайыр хан даңғылы бойында жаяу жүргіншілер жолы салынуда
Қала ортасында жаяу жүргіншілерге арналған инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жалғасып жатыр. Қазір Әбілқайыр хан даңғылында ұзына бойы жаяу жүргіншілер жолы салынып жатыр. Қалдаяқов көшесінен Пацаев көшесіне дейнігі аралықты қамтитын жоба тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған. Нысанды қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.Қаламызда жаяу жүргіншілер үшін қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Қазір Әбілқайыр хан даңғылының бойында жаңа тротуар салынуда. Ол Қалдаяқов көшесінен Пацаев көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Жаңа жаяу жүргіншілер жолы тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы қатынауына мүмкіндік бермек. Құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер компания тротуарды абаттандыру және төсеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқанын айтады. Жоспар бойынша нысандағы жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін толық аяқталуы тиіс. Жергілікті тұрғындармен тілдестік. Айтуларынша, жұмыстардың жүргізіліп жатқаны тұрғындарды қуантады. Әсіресе биыл құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан, мердігерлерді көп көретіндерін айтты. Жаңа тротуар - қаланың жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған кезекті жоба. Мамандардың айтуынша, мұндай жұмыстар тұрғындардың күнделікті жүріп-тұруына қолайлы жағдай қалыптастырып, қалалық ортаның сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Количество показов: 9
Дата создания: 28.08.2026 09:07:49



















