Әбілқайыр хан даңғылы бойында ірі жол-көлік оқиғасында 32 жастағы жаяу жүргінші көз жұмды
Бүгін Әбілқайыр хан даңғылы бойында ірі жол-көлік оқиғасында 32 жастағы жаяу жүргінші көз жұмды. Облыстық ПД-нің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сай, "Shacman" маркалы жүк көлігінің жүргізушісі даңғылмен Нұр-Ғасыр мешітіне қарама- қарсы жүріп келе жатып, қиылыстан тыс бөлікте солға бұрылу кезінде қарсы бағытты қозғалысқа жол бермей, "БМВ" маркалы жеңіл көлікпен түйісті. Соқтығысудан арнайы техника бағытын өзгертіп, жаяу жүргіншілер жолымен жүріп келе жатқан 32 жастағы әйелді түйеді. Ол сол жерде жан тапсырған. Марқұм Батыс Қазақстан облысының тумасы болған. Ал "БМВ" жүргізушісі облыстық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлердің сөзінше, оның миы шайқалған, жабық бас-ми жарақаты бар, денесінде ауыр жарақаттары, сынықтары бар. Оқиға орнында тергеу, тексеру жұмыстары жүргізілді. Апаттан кейін даңғылдағы көлік қозғалысын жол сақшылары реттеді. Количество показов: 733
Дата создания: 26.05.2021 18:18:39



















