Әбілқайыр даңғылында жаңа тротуар салынып жатыр
Қаламыз жыл санап көркейіп келеді. Жан-жақтан аллея, сквер, саябақтар салынып та жатыр. Жұмыстар осы қарқынмен жалғасса, 3-4 жылда қаламыз жасыл желекті шаһарға айналуы бек мүмкін. Қазір Әбілқайыр даңғылында жаңа тротуар салынып жатыр. Қала басшысы жұмыс жүріп жатқан аумақты жаяу аралап, жұмыстарды қадағалап, танысты. Шаһар басшысы жаяулар жолын салып жатқандарға тұрғындардың үнемі жүріп, таптап тастаған, өздеріне үйреншікті жер жолдарына мән беруді ескертті. Сондай учаскелерге де міндетті түрде брусчатка төсеп қажеттігін айтты. Автотұрақтар, көп қабатты үйлердің аулаларына кіреберістер де назардан тыс қалмауы тиіс. Бұл даңғылдың бойында 13 500 шаршы метр учаскеде жаяулар жолы салынып жатыр. Астана ауданының әкімінің сөзінше, қазір 4 бригада жұмыс істеуде. Тас төсеніш - заманауи, сапалы, отандық өнім. Жұмыстар күн сайын бақылауда. Мұндай жұмыстар алда қаланың өзге де көшелерінде жалғасады.Количество показов: 20
Дата создания: 09.07.2025 06:30:58