Бүгінгі күннің батыры
Өз өмірін қауіпке тігіп, түтінге тұншыққан жандарды құтқаруға асыққан Әліхан Саймағамбетов №3 қалалық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы. 102 пультінен өрт туралы хабар түскенде оқиға орнына алғаш жеткен. Әріптесі Жандос Есманов екеуі оқиға орнына 3 минутта жеткен. Қызыл жалыннан адамдарды аман алып қалуға барын салды.Оқиға 20-сәуірде түскі уақытта Матросов көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Әліхан Саймағамбетов пен әріптесі әр пәтердің есігін қағып, тұрғындарды сыртқа шығуларын ескерткен.Бірінші қабаттан басталған өрттің түтіні 9-қабатқа жеткен. Тәртіп сақшысы балалар мен мүгедектерді өзі арқалап шығарыпты. Нәтижесінде адам шығыны жоқ. Аман қалған тұрғындар Әліхан Саймағамбетовке алғыстарын білдіріп, облыстық полиция департаменті басшылығына хат жолдады.
Количество показов: 30
Дата создания: 23.04.2025 07:01:08