Бүгінгі күннің батырлары
Голан жоталарына жіберлген бітімгерлердің алғашқы легі елге оралды. 139 бітімгердің екеуі ақтөбелік азамат. Бүгінгі күннің батырларын әуежайдан туған- туыстары, достары мен Қарулы Күштердің ардагерлері, әріптестері салтанатты түрде күтіп алды.Әуежай баласын сағынған ана мен әке, жан-жары мен балапандардың шат күлкісі мен қуанышына, толқыған сезімдерге лық толы болды. Құшағын жая қарсы алған достар да аз емес. Бұл сәтте көңілдің толқымауы да мүмкін емес. Себебі: өзге елде, майдан ортасынан аман-есен оралуын күтетін ата-ана үшін бұл үлкен мәртебе. Ақтөбе гарнизонының 30\238 әскери бөлімінен жөнелтілген екі бітімгердің бірі Әділбек Батырхан. Миссияны сәтті аяқтап, Голан жоталарында бірнеше ай бойы БҰҰ аясында бейбітшілікті сақтау міндетін атқарды. Отбасын сағынған батырдың қуанышында шек жоқ.Жауапкершілік аймағында қазақстандық бітімгерлер патрульдеу, гуманитарлық жүктерді сүйемелдеу, эвакуациялық іс-шаралар, сондай-ақ жарылыс қаупі бар заттарды залалсыздандыру бойынша кең ауқымды міндеттерді орындады. Қызмет барысында төрт сәтті эвакуация жүргізіліп, 400-ден астам жарылмаған оқ-дәрілер жойылыпты.Қазақстандық бітімгерлердің жоғары кәсібилігі мен жанқиярлығы жоғары бағаланды. Елге оралған азаматтардың болашаққа қадамы нық.
Количество показов: 23
Дата создания: 16.04.2025 12:07:21