Бүгін Т. Рысқұлов көшесіндегі көп қатарлы үйлердің бірінде өрт тұтанды
Бүгін Т. Рысқұлов көшесіндегі көп қатарлы үйлердің бірінде өрт тұтанды. 1-қабатта орналасқан пәтерде төсек- орын бықсып жанған. Түтін алып кеткен пәтерден тәртіп сақшылары үй иесін алып шықты. Оқиға орнына жеткен апат медицинасы орталығы қызметкерлері зардап шеккен адамға реанимациялық көмек көрсетті. 67 жастағы ер адам облыстық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Үйді алып кеткен түтіннен 8 адам құтқарылды. Оның үшеуі бала. 10 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Өрт шарпыған аумақ 3 шаршы метр. Жалынның неден тұтанғаны анықталып жатыр. Өртті сөндіруге өрт сөндіру қызметінің 7 техникасы мен 26 қызметкер жұмылдырылған. Количество показов: 651
Дата создания: 10.02.2022 23:09:40



















