Бүгін Сенат бірінші оқылымда Салық кодексін мақұлдады
Бүгін Сенат бірінші оқылымда Салық кодексін мақұлдады. Жаңа салық реформасына сәйкес қосымша құн салығы 12%-дан 16%-ға дейін көтеріледі. Бұл бюджетке қосымша 3-4 трлн теңге түсуіне жол ашады. Дегенмен, елдегі кәсіпорындар ҚҚС өседі дегенді естіп, бірден бағаны өсірген. Қазір азық-түлік пен қызмет көрсету құны шарықтап кетті. Ақшаның құнсыздануы, тауар мен қызмет бағасының артуы, азық-түлік құнының өсуі халықты қажытқаны анық. Айлықтан айлыққа күнелтіп отырғандар көп. Күнделікті жейтін нанның да бағасы неше рет көтерілді. Тіпті, айлық алғанша дүкенге кірмейміз дейді. Ақтөбеліктер жаңа Салық реформасынан үмітті. Сенатта министр әлеуметтік осал топтардың қосымша құн салығының көтерілуінен зардап шекпейтініне сендірді. Ал 140 мың теңге көлемінде жалақы алатын азаматтардан табыс салығы алынбайды, салдарынан қазір жұмыс істеп жатқандардың тең жартысына, яғни 53%-ына жеңілдік жасалатын болады. Салық кодексіне одан өзге де толықтырулар мен өзгерістер енгізілді. Солардың бірі - сән-салтанат заттарына салық салу бойынша жеке нормалар белгіленеді. Олардың құны шекті сомадан артық, мысалы автомобильдер үшін – 75 млн теңгеден астам, кемелер мен ұшу аппараттары үшін – 100 млн теңгеден астам болса, салық салынады. Оларды ел ішінде сату кезінде де иесі салық төлейді.Количество показов: 16
Дата создания: 24.06.2025 08:40:32