Бүгін қоғамдық кеңесте өңірдегі ветеринариялық саланың өзекті мәселелері қаралды
Қоғамдық кеңес отырысында ветеринария саласының өзекті мәселелері талқыланды. Бүгінде облыста 2 миллион 474 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жануарлары тіркелген. Оның ішінде 684 мыңнан астам ірі қара, 1 миллион 330 мыңнан астам ұсақ мал, 428 мыңнан астам жылқы мен 27 мыңнан астам түйе және 1 миллионнан астам құс бар. Биыл жануарлар мен құстарды аса қауіпті 12 түрлі ауруға қарсы вакцинациялау жоспары бекітіліп, жалпы 9 миллионнан астам ветеринариялық манипуляция жүргізу көзделген. Осы мақсатта республикалық қордан өңірге 6 миллион 231 мыңнан астам доза вакцина жеткізіліп, аудан-қалаларға таратылыпты. Бруцеллезге жүргізілген серологиялық зерттеу нәтижесінде ірі қара арасындағы ауру жұқтыру деңгейі көрсеткіштер өткен жылмен салыстырғанда төмендеген. Әйтеке би ауданында биыл 335 мыңнан астам доза вакцина егу жоспарланып, жартыжылдық жоспардың 89 пайызы орындалған. Сонымен қатар, бруцеллезге қарсы мыңдаған ірі қара мен ұсақ малдан қан алынып, ауру анықталған мал санитариялық талапқа сай жойылып, көктемде бірнеше ауылдық округтен 3 мыңнан астам киік өлексесі жиналып, залалсыздандыру жұмыстары толық жүргізіліпті. Ал "Ырғыз ауданында төрт-түлік малды вакцинациялау жұмысы тұрақты атқарылды", - дейді аудан әкімі. Сонымен қатар, облыстың Шалқар, Байғанин аудандарындағы мал басын өлім-жітімнен сақтау және киіктерден тарайтын аурулардың алдын-алу мәселелері бойынша да баяндама жасалды. Жиынға Ырғыз, Әйтеке би, Шалқар, Байғанин аудандарының әкімдері, салалық мекеме басшылары қатысты. Облыстық Қоғамдық кеңесі мүшелері сұрақтарын қойып, пікірлерін ортаға салды.Количество показов: 12
Дата создания: 23.07.2026 07:04:07



















