Бүгін — Ұлттық кітап күні
Облыстық халық шығармашылығы орталығында кітап күні атап өтілді. "Зияткерлік даму және оқу мәдениеті: жаңа көзқарастар" тақырыбындағы форумға өңірдің түкпір-түкпірінен келген кітапханашылар, жоғары оқу орындарының мамандары мен студенттер қатысты. Шара барысында кітапханалардың заманауи келбеті, цифрлық дәуірдегі кітаптың орны және оқырман қызығушылығын арттыру жолдары кеңінен талқыланды. Әсіресе ауыл кітапханаларының әлеуетін арттыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Форум аясында кітап көрмелері ұйымдастырылып, "100 кітап-Ұлт таңдауы!", "Бір ел-бір кітап", "Оқитын өлке" акциялары бойынша жарық көрген үздік басылымдар таныстырылды. Сирек және қолтаңбалы кітаптар көпшілік назарына ұсынылды. Шараның маңызды бөлігі сала мамандарын марапаттау болды. Үздік кітапханашыларға облыс әкімінің және салалық басқармалардың алғыс хаттары табысталып, арнайы төсбелгілермен марапатталды. Шараны көрермен Ютуб желісі арқылы тікелей эфирден тамашалауға мүмкіндік алды. Ұйымдастырушылар кітаптың жарқын болашақтың кепілі екенін жеткізді.Количество показов: 7
Дата создания: 24.04.2026 07:39:13



















