Бүгін Ұлттық біріңғай тестілеу басталды
Бүгін Ұлттық біріңғай тестілеу басталды. Сынақ 10 ақпанға дейін жалғасады. Биыл ҰБТ-ға қатысуға 187 мыңға жуық адам ниет білдірген. Талапкерлер бұрынғыдай үш міндетті пән мен екі бейіндік пәнді таңдап тапсырады. 2026 жылы ҰБТ форматы өзгеріссіз қалады. ҰБТ-дің бүгін бірінші күні. Жалпы 187 мыңға жуық талапкер өтініш берген. Олардың 75,2 пайызы тестілеуді қазақ тілінде, 24,6 пайызы — орыс тілінде, ал 189 талапкер — ағылшын тілінде тапсыруды таңдаған. Тестілеу орталығының мамандары 2026 жылы ҰБТ форматы өзгеріссіз қалып, талапкерлер үш міндетті және екі бейіндік пәнді тапсырады деп мәлімдеді. Ал апелляцияға тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде өтініш беруге болады. Апелляция нәтижесі бойынша сертификат талапкердің жеке кабинетінде жарияланады. Айта кетейік, қаңтар айындағы ҰБТ-ға өткен жылдардың түлектері мен колледж бітірушілері, ақылы негізде оқуға түсуге ниетті мектеп бітірушілері, сондай-ақ жоғары оқу орнында білім алып, бағытын ауыстырғысы келетіндер қатыса алады.Количество показов: 7
Дата создания: 13.01.2026 07:41:22



















