Бүгін - халықаралық жастар күні
Бүгін - халықаралық жастар күні. Жастар - еркіндіктің символы іспеттес. Олар жаңа идеялардың, батыл қадам мен ашық ойдың иесі. Жаупкершілік пен болашақ нық сеніммен қарайтын жандар. Қазір өңірімізде 14 пен 35 жас аралығындағы 268 мыңға жуық жас бар. Осы жастардың дамуына бағытталған бірнеше ұйымдар мен құрылымдар жұмыс жасайды. Облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Самғат Артығалиннің мәліметінше, аймақта 132 волонтерлық топ, жастар ұйымдары қызмет етеді. Жастар саясаты бойынша жұмысты үйлестіретін бір басқарма, 14 жастар ресурстық орталығы бар. 92 маман өңірде жастармен тікелей жұмыс атқарады. Олардың міндеттері жас ұрпақтың әлеуметтік, мәдени, кәсіби дамуына қолдау көрсету. Бұл құрылымдар облыстағы жастардың дамуы мен әлеуметтік жағдайын жақсартуға зор үлес қосады дейді Самғат Артығалин. Ал, аға буын жастарға сене ме?12 тамызды Халықаралық жастар күні ретінде 1999 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен. 2000 жылдан бастап жыл сайын аталып өтеді. Жастардың қоғамдағы рөлін арттырып, олардың мәселелеріне назар аудару және дамуға қосатын үлесін мойындау - басты мақсат.Количество показов: 63
Дата создания: 13.08.2025 09:21:20