Бүгін - Дүниежүзілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні
9 желтоқсан – Дүниежүзілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні. Сыбайлас жемқорлықпен күрес елімізде мемлекеттік саясатының негізгі басымдығы болып табылады. 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы бір сарынды іс-қимылдан қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге, халықтың сыбайлас жемқорлықпен күресуге, алдын алу шараларын жүргізуді мақсат еткен. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап, Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске белсене араласқандығын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы барлық мемлекеттермен және тиісті халықаралық ұйымдармен сындарлы өзара іс-қимыл жасауға дайын екендігін көрсетті. Сыбайлас жемқорлық даму деңгейіне қарамастан барлық елдерге өз әсерін тигізеді. Бұл экономикалық дамуды төмендетеді, демократиялық институттар мен заң үстемдігін әлсіретеді, қоғамдық тәртіпті бұзып, халықтың сенімінен шығады. Сыбайлас жемқорлық елдегі байлықтың азаюына және өмір сүру деңгейінің төмендеуіне алып келеді. Жемқорлық жайында тұрғындарымыздың ой-пікірі қандай? Біліп көрдік. Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні 2004 жылдан бастап, жыл сайын 9 желтоқсанда атап өтіледі. 2003 жылғы 1 қарашада Мексиканың Мерида қаласында жоғары деңгейде өткен саяси конференцияда БҰҰ Бас Ассамблеясы Біріккен Ұлттар Ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы қабылдады. Конвенцияның мақсаты - жемқорлықтың алдын алу және жою. Конвенция жемқорлықтың алдын алу шараларын, сондай-ақ онымен күресудегі халықаралық ынтымақтастықтың механизмін қарастырады және соған сәйкес заңнамаларды жетілдіріп отырады. Конвенция ережелеріне сәйкес, сыбайлас жемқорлық салдарынан келген ақшалар қай елден келсе, сол елге қайтарылып отырады.Количество показов: 9
Дата создания: 10.12.2025 09:48:38



















