Әлемде алғаш рет радиодан хабарланған саяси жаңалық- 1917 жылғы Қазан төңкерісі болды. Тарихқа жүгінсек, 1940- жылы Англиядағы футбол матчы кезінде қызық оқиға болған. Ойын кезінде алаңды тұман басып, радио-комментатор алаңның арғы шетін көре алмайды. Ал радионы немістер де үзбей тыңдайтын болған. Егер мыңдаған адам жиналған стадионда тұман болғанын білсе бомба тастар еді. Жағдайды ушықтырмас үшін комментатор жанкүйерге қарап отырып, ойынды қорытындылаған. Радио қызметкерлерінің айтуынша, басқа бұқаралық ақпарат құралдарына қарағанда радио жаңалықтарды тыңдармандарына жедел жеткізу мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ, радиодан берілген жарнаманың сапасы жоғары.Қалада жергілікті екі радио жұмыс істейді. "Ақтөбе" мен "Тандем" радиолары. Алғашқысы эфирге 1999-жылы 8-желтоқсанда шықты. 18 жылдан бері үзіліссіз хабар таратып келеді. Қазір шығармашылық ұжым қала тұрғындарына ең жедел ақпараттар, ең жаңа әндер және ең қызық бағдарламалар ұсынып жүр. Тыңдармандардың сүйіп тыңдайтын радио бағдарламаларының бірі -"Сазды сәлем". Радионың жаңалықтар қызметі-тәулігіне он рет қазақ, орыс тілдерінде ақпарат таратады. Ал бүгін диджейлер қала тұрғындарын дүниежүзілік радио күнімен құттықтап, мерекелік эфир өткізді. Тыңдармандар арасында ұтыстар ойнатты.
"Ақтөбе" радиосының стансасы әуе қалашығында орналасқан мына биік мұнараның ішінде. Ұжым шағын. 15 адам жұмыс істейді. Олар бір отбасының баласындай болып кеткен журналистер, музыкалық жүргізушілер, дыбыс инженері мен музыкалық редактор. Радиода сондай-ақ, шағын зообақ бар. Мұнда бауырымен жорғалаушылардың сан түрін көруге болады.
Количество показов: 1656
Дата создания: 13.02.2018 18:36:44
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>