Бүгін дүниежүзілік орган донорлығы күні
Республикалық орталық трансплантаттау қызметін дамыту, донорлықты үйлестіру жүйесін жетілдіру, медицина мамандарын даярлау және халықтың хабардарлығын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда. Бүгінде күту парағында 4 739 адам тұр. Бұл санның әрқайсысының артында нақты пациент пен отбасы тұр. Ал донорлық ағза олар үшін өмірді сақтап қалуға мүмкіндік беретін үміт болуы мүмкін. Бүгін дүниежүзілік орган донорлығы күні. Елімізде транспланттау саны артып, қайтыс болғаннан кейінгі донорлық жүйесі дамып келеді. Ресми мәліметке сүйенсек, Қазақстанда қазір 4 мың 700 адам ағза трансплантациясын күтуде. Оның ішінде 125-і бала. Науқастардың басым бөлігіне бүйрек трансплантациясы қажет. Сонымен қатар 293 адам бауыр, 208 адам жүрек, 30 адам өкпе трансплантациясын күтуде. Биылғы жылдың алғашқы алты айында елімізде 150 трансплантация жасалған. Оның 30-ы қайтыс болған донорлардың ағзаларын пайдалану арқылы жүзеге асқан. Осы кезеңде 108 ықтимал қайтыс болған донор анықталған. Оның сегіз жағдайында бірнеше ағзаны бірден алу мультиорганды донорлық жүргізілген. Ал қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа қатысты өз қалауы мен шешімін eGov порталы арқылы 172 мың қазақстандық білдірген. Ал олардың тек 16 мыңы ғана қайтыс болған жағдайда өз ағзаларын алуға келісім берген. Қайтыс болғаннан кейінгі донорлық туралы шешім — адамның жеке әрі ерікті таңдауы.Количество показов: 11
Дата создания: 14.08.2026 13:10:35



















