Бүгін Чернобыль құрбандарына арналған ескерткіш жанында митинг өтті
"Чернобыль құрбандары" қоғамдық бірлестігінің мүшесі Темірхан Мұқаштың айтуынша, бүгінде өңірде Чернобыль атом электр стансасындағы апатты жоюға қатысқан 2000 адамның 200-і ғана қалған. Олардың көбі мүгедек. Ал бүгінгі жиынға Чернобыль құрбандары қоғамдық бірлестігінің мүшелері, апаттың зардаптарын жоюға қатысқандардың жесірлері мен туыстары, ардагерлер мен жастар қатысты. Айта кетейік, облыстық мәслихаттың шешімімен 2007-жылдан бері ақтөбелік "чернобыльдықтар" барлық коммуналдық төлемдерден босатылған. Олар қоғамдық көлікте тегін жүреді және жыл сайын республиалық медициналық орталықтарда емделуге құқылы.
Количество показов: 993
Дата создания: 26.04.2022 18:53:39














 
    




 