Бүгін қаламызда бокстан халықаралық турнир өтті
Халықаралық деңгейдегі былғары қолғап шеберлерінің арасында бүгін шаһарымызда бокстан турнир бастауын алды. Турнирде еліміздің барлық өңірінен және Чехия, Германия, Өзбекстан елдерінен келген 160-қа жуық қатысушы бағын сынауға бекініп отыр. Жарыс 5 күнге созылады, бүгін дүбірлі доданың алғашқы күні.Бүгін қаламызда былғары қолғап шеберлерінің арасында халықаралық турнир бастауын алды. Турнирге Қазақстанның барлық өңірінен және Чехия, Германия, Өзбекстан елдерінен келген 160-қа жуық қатысушы бағын сынауда. Бұл жас спортшылар үшін үлкен тәжірибе алаңы болмақ. Жарыс 5 күнге созылады деп жоспарланып отыр. Дода жасөспірімдер арасында ұйымдастырылып отыр. Аренада 18-19 жастағы жас спортшылар бағын сынайды. Алғашқы жекпе жектердің өзінде қатысушылардың дайындығы айқын байқалады. Айта кетейік, бұл халықаралық турнир белгілі боксшы Андрей Еськинді еске алуға арналған. Спортшының есімі жас буынға үлгі болып қала бермек. Алдағы күндері тартысты кездесулер жалғасын табады. Жеңімпаздар турнир соңында белгілі болмақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жарыс әр спортшы үшін шеберліктерін сынайтын, әрі шыңдайтын маңызды сәт.
Количество показов: 9
Дата создания: 05.03.2026 08:36:36



















