Бүгін қалада қоғамдық көлік апатқа ұшырап, 7 адам зардап шекті
Бүгін түскі 11 жарымдар шамасында қалада жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. "Мерседес Бенс" автокөлігін тізгіндеген 37 жастағы әйел "Ланцелот" мейрамханасының көлік тұрағынан шығып жатып, "Паз" маркалы қоғамдық көлікпен түйіскен. Әйел көлігін қозғар алдында айналасында кедергі бар-жоғына көз жеткізбеген. Жол апаты салдарынан "Мерседес Бенс" жүргізушісі мен автобустағы 7 жолаушы зардап шекті. Дене жарақаттарын алғандар облыстық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккен жолаушылар арасында бір бала бар. Ол облыстық балалар ауруханасына жатқызылған. Оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Количество показов: 764
Дата создания: 16.09.2020 18:40:43



















