Қазыналы қарттар сайысы
Қарты бар үйдің - қазынасы бар. Қарияларымыздың салауатты өмір салтын қолдап, белсенді өмір сүретіндері қуантады. Бүгінгі сайысқа жиналғандар - бос уақытын әдемі пайдаланып, денсаулығына көңіл бөліп, салауатты өмірді насихаттайтын қарттар. Олар бүгін дәстүрлі қазақы "қонақ кәде" үлгісінде өз өнерлерін ортаға салып, ән, күй, би, өлең және сахналық қойылымдар арқылы шеберліктерін танытты. Іс-шараның мақсаты - қазақ халқының қонақжайлық дәстүрін дәріптеу, қариялардың шығармашылық әлеуетін арттыру және қоғамда белсенді қартаю мәдениетін қалыптастыру. Қазылар алқасы қатысушылардың өнер көрсетілімдерін ұлттық дәстүрді сақтау, орындаушылық шеберлік, сахналық мәдениет, шығармашылық ерекшелік және көрерменге әсер ету өлшемдері бойынша бағалады. Барлық қатысушыларға сайыс соңында алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, үздік өнер көрсеткен орталықтар арнайы 15 номинация бойынша марапатталды.Количество показов: 36
Дата создания: 04.10.2025 09:32:14