Азық-түлік қымбаттап, дәрі-дәрмек арзандайды
Елімізде 1 шілдеден бастап көптеген өзгерістер болады. Солардың ішінде азық-түлік, темекі мен газ құны артады. Тұрғындардың пікірінше, Қазақстанда қымбаттамаған дүние қалмады. Сөздерінде шындық бар. Себебі дүкен сөрелеріндегі азық-түлік бағасы аспандап тұр. Бір айлығыңның өзі шайлығыңа жетпейді. Балалар болса күнде тамақ сұрайды. Айына тек тамақ, дәрі-дәрмек пен киімдеріне 300-500 мың жұмсаймыз,-дейді ақтөбеліктер. 1 шілдеден бастап кейбір тауарлардың ең төменгі бағасы жаңартылады. Жұмсақ бидай мен ұнның бағасы шамамен 45%-ға көтеріледі. Күнбағыс майы 61,2%-ға өседі, ал ең төменгі баға килограмына 594,04 теңге болады. Ал тауық жұмыртқасының ең төменгі бағасы бұрынғы 39,38 теңгеден 37,8 теңгеге дейін төмендейді. Десе де, шенділер дәрі-дәрмек құны 30 пайызға дейін арзандайды деп отыр. Баға 6 мыңнан аса дәрі түріне қатысты қайта есептелмек. Енді үй алудың жаңа мүмкіндіктері пайда болады. Жрспар бойынша балабақшаға бару тәртібі жеңілдейді. Жаздың екінші айынан бастап емханаға тіркелу ережесіне де өзгерістер енгізіледі. Сотқа шағым беру оңайлай түспек. Сонымен қатар судья қателесіп, заңды бұзса, енді жай ескерту алып қана қоймайды, нақты тәртіптік жауапқа тартылады. Осылайша әділетті шешімдердің артуына көмектеседі.Количество показов: 14
Дата создания: 03.07.2025 06:28:00