ҚАЖ мекемелерінің автопаркі жаңартылды
Өңір аудандарындағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Биыл республикалық бюджет есебінен лизинг арқылы 26 автокөлік, ал жергілікті бюджеттен тағы 6 көлік бөлінген. Жаңа техникалар пробация қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетіп, қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, былтыр облыстық прокуратураның қолдауымен жергілікті бюджеттен 150 миллион теңгеге жуық қаражат қарастырылған. Осының аясында автобус, азық-түлік тасымалдайтын және жеңіл автокөліктер сатып алыныпты. Бұдан бөлек, "мекемелер 80-нен астам компьютермен және өзге де қажетті техникалармен қамтамасыз етілді",- дейді Шаймерден Есенкелдиев. Негізгі мақсат - қызметкерлерді қажетті техникамен қамту, сондай-ақ пробация есебіндегі азаматтарды жұмыспен қамтып, қоғамға бейімдеу.Количество показов: 7
Дата создания: 14.05.2026 06:46:54



















