Қазақтың музыкалық аспаптары ұлт тарихы мен мәдениетінің үнсіз шежіресі
Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан рухани мұра. Осы мұраны жастарға таныстыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада ұлттық аспаптардың тарихы кеңінен баяндалды. Әрбір музыкалық аспаптар жиналғандарға таныстырылды. Танымдық кездесуде домбыра, қобыз, сыбызғы, сазсырнай, шаңқобыз, жетіген, асатаяқ, дауылпаз және шертер сынды аспаптар таныстырылды. Қатысушылар олардың жасалу ерекшеліктері мен халық тұрмысындағы орны туралы мағлұмат алды. Іс-шара аясында ұлттық музыкалық аспаптар көрмесі ұйымдастырылып, шығармашылық аспаптар шеруі өтті. Іс-шара студенттердің өнерімен жалғасын тапты. Мұндай кездесулер ұлттық құндылықтарды дәріптеп қана қоймай, жастардың төл мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді дейді ұйымдастырушылар. Өйткені ұлттық өнердің үні халықтың болмысын танытады.Количество показов: 11
Дата создания: 17.10.2026 07:26:13



















